Есепті сақтау

Қалыптасқан есепті сақтау үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Тораптың жұмыс аймағында Есептер қойыншасын таңдаңыз.
  3. Үлгілер тізімінен сізді қызықтыратын есеп үлгісін таңдаңыз.
  4. Таңдалған есеп үлгісінің контекстік мәзірінен Сақтау тармағын таңдаңыз.

Нәтижесінде, есепті сақтау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, есеп файлы сақталған қалта ашылады.

Есепті XLS файлы ретінде сақтаған кезде, логотип және датаграмма сияқты барлық байланысты кескіндер бөлек файлдар ретінде сақталады.

Басына оралу